Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • «Ешкімге ештеңе дәлелдемеймін»: Балжан Бидаш экс-күйеуіне жауап берді (ФОТО) • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты •

    Шымкентте халық батпақ кешіп жүр

    Шымкентте халық батпақ кешіп жүр
    Фото: видеодан скрин

    Шымкент қаласындағы Абай даңғылы, 5/7 мекенжайында жаңбыр жауса болды, көше әп-сәтте суға толады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жолдың екі жағында да арық жоқ. Соның салдарынан жауын суы жиналып, көлік те, жаяу жүргінші де қиналады. Ең сорақысы – бұл аумақта жаяу жүргіншілерге арналған тротуар да қарастырылмаған. Адамдар лай кешіп, су жағалап жүруге мәжбүр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Кадрлардан көше бойының көлкіген суға айналғанын анық көруге болады. Жаяу жүрген тұрғындар ағаш түбін жағалап, батпақпен әрең қозғалады. Бұл – жай ғана қолайсыздық емес, бұл – қауіпсіздік мәселесі. Балалар мен қарттар үшін мұндай жол үлкен қауіп төндіреді.

    Қалада жаңа нысандар бой көтеріп жатқанымен, қарапайым инфрақұрылым – арық пен тротуардың жоқтығы ойландырмай ма? Әкімдік бұл аумақты көрмей отыр ма, әлде көрсе де мән бермей ме? Әр жауыннан кейін қайталанатын мәселені шешуге нақты қадам қашан жасалады?

    Қала тұрғындары жауап күтеді.

    Видео @kritika_shymkent

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →