Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады

    Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді

    Сербия Президенті Александр Вучич Астанаға ресми сапармен келді

    Сербия Президенті Александр Вучич Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келді. Сербия Президентін әуежайдан Премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

    Александр Вучичтің Қазақстанға ресми сапары аясында саяси диалогты одан әрі нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарлануда.

    Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі жақын және сенімді серіктесі.

    Дипломатиялық қатынастардың 30 жылында екі ел арасында құрметке, сенімге және өзара тиімді серіктестікке негізделген достық байланыстар орнады.

    Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 7,6%-ға өсіп, $107 млн-нан асты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →