Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астананың қақ ортасында Jetour жүргізушісі әйел адамды қағып, артынша қашып кетті (ВИДЕО) • Элеваторларға талап бар, бірақ шаруалардың шағымы азаймаған • Картоп жеткілікті болса, неге импортқа тәуелдіміз? • Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді • Семейдегі сауда орталығында жас келіншектің аяғын эскалатор қысып қалды • Премьер-министр: «Бірінші кезекте – балабақшалар мен мектептерге, ауруханалар мен емханаларға жылу берілуі тиіс»  • Астананың қақ ортасында Jetour жүргізушісі әйел адамды қағып, артынша қашып кетті (ВИДЕО) • Элеваторларға талап бар, бірақ шаруалардың шағымы азаймаған • Картоп жеткілікті болса, неге импортқа тәуелдіміз? • Михаил Шайдоров әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді • Семейдегі сауда орталығында жас келіншектің аяғын эскалатор қысып қалды • Премьер-министр: «Бірінші кезекте – балабақшалар мен мектептерге, ауруханалар мен емханаларға жылу берілуі тиіс»  •

    «Тұрсынға ұқсап кетіпті»: Баян Алагөзованың күйеу баласы талқыға түсті (ВИДЕО)

    «Тұрсынға ұқсап кетіпті»: Баян Алагөзованың күйеу баласы талқыға түсті (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Желі қолданушылары соңғы күндері продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсауле Бақытбектің жұбайын қызу талқылап жатыр. Әсіресе жас жұбайлардың қатысуымен тараған бейнежазбалар мен фотосуреттер көптің назарын аударды, деп хабарлайды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Көпшілік пікір қалдырушылар күйеубаланың сыртқы келбетіне ерекше мән берген. Бірі оның сақал қоюы мен киім үлгісін сөз етсе, енді бірі жасына қатысты түрлі болжам жасап жатыр.

    «Қайынатасынан үлкен көрінеді», – деп жазған желі қолданушыларының бірі.

    Тағы бірі: «Тұрсын күйеубаласына ұқсап кетеді екен», – деп салыстырған.

    Кейбір пікір иелері оның имиджі тым ересек адамға ұқсайтынын айтса, басқалары бұл тек сыртқы образ екенін, ал жасына қарап қорытынды жасау дұрыс емес екенін алға тартқан.

    Сонымен қатар, оқырмандардың бір бөлігі жастардың жеке өмірін талқылаудың орынсыз екенін жазып, Айсауле мен оның жарына бақыт тілеп жатқанын да көруге болады.

    Айта кетейік, Айсауле Бақытбек – әлеуметтік желіде белсенді, жеке өміріндегі жаңалықтарды оқырманымен жиі бөлісетін блогер. Ал оның жұбайы бұған дейін көпшілікке кеңінен танымал болмаған. Сондықтан оның кенеттен ел назарына ілігуі түрлі пікір мен салыстыруға себеп болып отыр.

    Осылайша, продюсердің күйеубаласы әзірге тек сыртқы келбеті арқылы-ақ желі қолданушыларының басты талқылау нысанына айналды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →