Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің Шэньчжэньде кездесетінін хабарлады • «Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуметтік жоба атанды • Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады • Астанада жол жиегі автобус тұрағына айналды: тұрғындар әкімдіктен шара талап етті • Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген • Бибисара Асаубаева әлемнің үздік төрт шахматшысы қатарына енді • Ақ үй Трамп, Путин және Си Цзиньпиннің Шэньчжэньде кездесетінін хабарлады • «Қазақмыс» «Парыз–2026» байқауында үздік әлеуметтік жоба атанды • Ғылымға бөлінген миллиардтар: Жоғары аудиторлық палата ауқымды заңбұзушылықтарды анықтады • Астанада жол жиегі автобус тұрағына айналды: тұрғындар әкімдіктен шара талап етті • Алматыдағы құрылыс: ГАСК тоқтатқан нысанда жұмыс жалғасып, шұңқыр тереңдеген • Бибисара Асаубаева әлемнің үздік төрт шахматшысы қатарына енді •

    Санкт-Петербургте 7-қабаттан құлаған баланы аула сыпырушы қағып алды

    Санкт-Петербургте 7-қабаттан құлаған баланы аула сыпырушы қағып алды

    Фото: Pixabay

    Жантүршігерлік оқиға 22 ақпан күні Санкт-Петербургте болған. Аула сыпырушының 7-қабаттан құлап келе жатқан баланы қағып алған сәті әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Бұл іс-әрекет құлаған баланың жарақатын едәуір жеңілдетті деуге болады. Әлеуметтік желі қолданушылары да құтқарушыны батырға теңеп, бата-тілектерін жаудырып жатыр. Арада көп уақыт өтпей аула сыпырушы баланы подъезге кіргізіп, дәрігерлерге тапсырған. Құтқарушы Өзбекстаннан келген 36 жастағы еңбек мигранты Хайрулло Ибадуллаев болып шықты.

    РЕН ТВ эфирінде ол құтқару кезінде қолын және қабырғасын сындырғанын айтқан. Телеарна мәліметіне сай, анасы баланың жоғалғанын шамамен 10 минуттан соң ғана байқаған. Анасы ас бөлмесінде болған, ал бала аутизм диагнозымен ауырады. Ол планшетпен ойнап отырып, әрі қарай өз бетінше терезені ашқан.

    Қазір баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде емделіп жатыр. Құтқарушы өзбек азаматына 1 миллион рубль сыйға тартылып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →