Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр: финалға 19 спортшы шықты • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр: финалға 19 спортшы шықты •

    Түркістан облысында жаңа стадион бір жылға жетпей жыртылды: бюджет қаржысы желге ұшты ма?

    Түркістан облысында жаңа стадион бір жылға жетпей жыртылды: бюджет қаржысы желге ұшты ма?

    Түркістан облысы Бәйдібек ауданына қарасты Жұлдыз елді мекеніндегі стадионның жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр. Жергілікті халықтың айтуынша, нысан пайдалануға берілгеніне бір жыл толмай жатып, тоз-тозы шыққан. Соңғы рет 2025 жылдың наурыз айында жаңартылған алаңға төселген жасанды жасыл жабын сапасыз болып шыққан. Қазірдің өзінде газон жыртылып, алаң жарамсыз күйге түскен.

    Тұрғындар бұл мәселені әлеуметтік желіге шығарып, жауапты мекемелерден нақты түсініктеме талап етуде. Олардың сөзінше, бюджет есебінен жасалған жөндеу жұмыстары сапасыз орындалған. Алаңның қазіргі көрінісі мемлекет қаржысының қалай игерілгеніне қатысты сұрақ туғызады. Ауыл жастары спортпен айналысатын орыннан айырылып отыр.

    Жергілікті тұрғындар стадион сапасына қатысты тексеріс жүргізіп, кінәлілерді жауапқа тартуды сұрайды.

    Видео: Instagram – aigakmedia

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →