Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Динара Сәтжан емес!»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіге дөрекі ескерту жасады • Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді • Тоқаев Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық өзгерістер жасады • Ресейде 5 адамнан маймыл шешегі анықталды • Рэпер NAVAI ісі тоқтатылды: әнші елімізден депортацияланды • «Динара Сәтжан емес!»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіге дөрекі ескерту жасады • Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді • Тоқаев Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық өзгерістер жасады • Ресейде 5 адамнан маймыл шешегі анықталды • Рэпер NAVAI ісі тоқтатылды: әнші елімізден депортацияланды •

    Елена Рыбакина жеңіп тұрған сәтінде ойынды жалғастырудан бас тартты

    Елена Рыбакина жеңіп тұрған сәтінде ойынды жалғастырудан бас тартты
    Getty Images
    Дубайдағы турнирден Елена Рыбакинаның не себепті бас тартқаны ресми түрде белгілі болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    18 ақпан күні қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан турнирдің үшінші айналымында хорватиялық Антония Ружичке қарсы матчта күтпеген жерден ойыннан бас тартты.

    Үшінші сет барысында, есеп 7:5, 4:6, 0:1 болып тұрған сәтте Рыбакина медициналық тайм-аут алып, өзін жайсыз сезінгенін жеткізді. Ол жүрек айну, бастың ауырлығы және жалпы әлсіздікке шағымданған. Соның салдарынан қазақстандық спортшы матчты жалғастырмау туралы шешім қабылдап, Ружич ширек финалға жолдама алды.

    Tennis.com мәліметінше, Елена Рыбакинаның кездесуден бас тартуына «асқазан-ішек жолдарының ауруы» ресми себеп ретінде көрсетілген.

    Айта кетейік, Дубай турнирі Рыбакина үшін қаңтар айының соңында өткен Australian Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейінгі екінші жарыс болды. Бұған дейін ол Дохада (Катар) өткен турнирде өнер көрсетіп, ширек финалда канадалық Виктория Мбокодан жеңілген еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →