Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Анна Данилина Дубайдағы турнирде топ жарды

    Анна Данилина Дубайдағы турнирде топ жарды

    Фото: olympic.kz

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Анна Данилина Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге екінші айналымда үндістандық Рутуя Бхосале – таилық Пеангтарн Плипуекке қарсы келді.

    Бірінші партияда қазақстандық-сербиялық жұп 6:3 есебімен басымдылық танытты.

    Есесіне екінші сетте Бхосале – Плипуек 5:3 есебімен алға кетті. Дегенмен Данилина – Крунич таразы басын теңестіріп қана қоймай, тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:4).

    Бір сағат 44 минутқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 2 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Бхосале – Плипуек 2 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді.

    Анна Данилина – Александра Крунич жартылай финалға шығу үшін украиналық Людмила Киченок – америкалық Дезире Кравчикпен таласады.

    Биыл қазақстандық-сербиялық дуэт Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жетсе, өткен аптада Доха WTA 1000 жарысында үздік шыққан еді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →