Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Анна Данилина әлемдік рейтингіде жеке рекордына қол жеткізді

    Анна Данилина әлемдік рейтингіде жеке рекордына қол жеткізді

    Фото: ҚТФ

    Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингісіндегі орны белгілі болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Өткен аптада сербиялық Александра Круничпен бірге Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің чемпионы атанған Анна Данилина әлемдік рейтингіде 10-нан 7-орынға көтерілді. Осылайша, Данилина рекордтық нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін оның үздік көрсеткіші 8-саты еді. А.Крунич 14-тен 12-ге шықты.

    Осы аптада қазақстандық-сербиялық жұп Дубай WTA 1000 жарысында бақ сынайды.
    Бельгиялық Элизе Мертенс бұрынғыша көш бастаса, чехиялық Катержина Синякова оны өкшелеп келеді. Америкалық Тэйлор Таунсенд үздік үштікті түйіндеді.

    Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева жұптық сында 106-дан 110-ға сырғыса, Жібек Құламбаева 137-ден 136-ға ауысты.

    Жекелей сында белоруссиялық Арина Соболенко, Польша өкілі Ига Швентектен кейін қазақстандық Елена Рыбакина үшінші сатыда тұр.

    Ю.Путинцева 70-тен 78-ге, Зарина Дияс 290-нан 293-ке, Ж.Құламбаева 388-ден 390-ға төмендеді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →