Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Ақтөбеде перзентханаға бара жатқан жүкті келіншек таксиде босанып қалды • «Төрт бөтелке сыра ішкен»: Ақтөбеде мас жүргізуші екі баланы қағып кетті • «Қазақмыс» «Анненск» шахтасындағы әкімшілік-тұрмыстық кешенді жаңартты • «Барни» үшін қаза тапқан Мадинаның денесі қайта қазып алынды • Алматыдағы Меладзенің концертінде екі әйел төбелесіп, әнші сахнадан араласты • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады •

    Атырауда жүздеген шабақ қырылып қалған (ВИДЕО)

    Атырауда жүздеген шабақ қырылып қалған (ВИДЕО)
    Фото: Видеодан алынған кадр 

    Атырау қаласындағы Сары-Өзек каналында балық шабақтарының жаппай жиналуы экологиялық алаңдаушылық туғызды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Мамандардың мәліметінше, каналдың бір бөлігінде шамамен 100 шаршы метр аумақта балықтар шоғырланған. Су тереңдігі небәрі 1 метрге жуық, ал мұз құрсауы тіршілік иелерінің еркін қозғалуына мүмкіндік бермей отыр.

    Куәгерлер түсірген бейнежазбалар әлеуметтік желіде тарап, жұртшылықтың алаңын күшейтті. Алдын ала дерекке сәйкес, шабақтардың басым бөлігі тірі, бірақ олардың саны көп емес және жағдайы мүшкіл.

    Оқиға орнына жауапты мекеме мамандары барып, құтқару жұмыстарын бастап кеткен.

    Дегенмен табиғи арнаның мұндай күйге түсуі – алдын алу шараларының әлсіз жүргізілгенін аңғартады. Жергілікті әкімдік тарапынан каналдардың жағдайын жүйелі бақылаудың жоқтығы сын көтермейтін ахуалға жеткізгені анық.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →