Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 448,0↓€ 503,7↓₽ 5,50↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз • Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір – жаңа белес» концертін тамашалады • Ерлан Қошанов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар тапсырды • Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады • Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады • Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз • Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір – жаңа белес» концертін тамашалады • Ерлан Қошанов Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар тапсырды • Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады • Тоқаев NVIDIA негізін қалаушы Дженсен Хуангты қабылдады •

    Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі TikTok парақша ашты

    Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі TikTok парақша ашты

    Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok әлеуметтік желісінде жеке парақшасын белсенді жүргізе бастады, деп QazaqToday тілшісі «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Лора Әлиева – Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі Нұралы Әлиевтің қызы. Нұралы Әлиев – Дариға Назарбаеваның ұлы, марқұм Рахат Әлиевтің баласы. Жуырда жарияланған видеоларының бірінде Лора марқұм атасы Рахат Әлиев пен өмірден өткен ағасы Айсұлтан Назарбаевқа арнап жазбасын салған.

    Дереккөздің мәліметінше, Нұралы Әлиев пен оның жұбайы Аида Әлиева төрт бала тәрбиелеп отыр.

    Биыл қаңтар айында Нұралы Әлиев Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысқан. Сондай-ақ 10 қаңтарда Instagram желісінде The Spark of Light атты жаңа жобаны іске қосқанын хабарлады.

    Жобаның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, компания қызметі саналы өмір салтына, ішкі тепе-теңдікке және менталдық саулыққа бағытталған. Бастама адамдарға өмірді саналы түрде құруға, үйлесім табуға және қазіргі әлемдегі жаһандық өзгерістерге бейімделуге көмектесуді мақсат етеді.

    Лора Әлиеваның TikTok-та пайда болуы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, танымал әулет өкілдерінің жаңа қоғамдық белсенділігіне қызығушылық тудырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →