Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: Бас прокуратура іс қозғап, тергеуді бастады Жүкті әйелін ұрып, шаңсорғыштың сымымен қылқындырған: СҚО-да ашулы еркек төрт жылға сотталды Павлодар облысында бопсалауға қатысы бар күдіктілер қамауға алынды Жіппен тоқылған тарих: Алматыда Батима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған көрме ашылды Жетеуі іздестіріліп жатыр: Министрлік Маңғыстаудағы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: Бас прокуратура іс қозғап, тергеуді бастады Жүкті әйелін ұрып, шаңсорғыштың сымымен қылқындырған: СҚО-да ашулы еркек төрт жылға сотталды Павлодар облысында бопсалауға қатысы бар күдіктілер қамауға алынды Жіппен тоқылған тарих: Алматыда Батима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған көрме ашылды Жетеуі іздестіріліп жатыр: Министрлік Маңғыстаудағы жайтқа қатысты мәлімдеме жасады Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты

    Таразда бірнеше көшенің тұрғындары батпақ кешіп жүр

    Таразда бірнеше көшенің тұрғындары батпақ кешіп жүр

    Тараз қаласындағы шеткі тұрғын алаптардың ахуалы тұрғындардың наразылығын тудыруда. Қаланың Дальняя Қарасу массивіндегі Әбдиев, Высоцкий көшелері мен оған іргелес аумақтарда, сондай-ақ Киров көшесінің соңы, Родничок массиві, Мейірім, Рыночная, Клубничная көшелерінде жол мәселесі ушығып тұр. Тұрғындардың айтуынша, бұл аумақтарда асфальт түгілі, қара жолдың өзі жоқ, жауын-шашында көше батпаққа айналады. Соның салдарынан балалардың мектеп пен балабақшаға жетуі мұңға айналған. Жаяу жүру мүмкін болмай, жұрт балшыққа батып, көліктер тайғанақтап әрең қозғалады. Көпшіліктің жеке көлігі болмағандықтан, күнделікті қатынау тіпті қиындаған. Ал қала әкімдігі жылдар бойы қордаланған бұл мәселеге нақты шешім ұсынбай, тұрғындарды тағы да уәдемен алдарқатып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →