Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады

    ДДҰ дабыл қақты: Әрбір үшінші қатерлі ісіктің себебін темекі мен алкоголь құрайды

    ДДҰ зерттеуіне сәйкес, әлемдегі қатерлі ісік ауруларының 37%-ын алдын алуға болады. Онкологияның негізгі себептері – темекі, инфекция және алкоголь.

    ДДҰ дабыл қақты: Әрбір үшінші қатерлі ісіктің себебін темекі мен алкоголь құрайды
    file_369.jpg

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жаңа зерттеуіне сәйкес, 2022 жылы тіркелген қатерлі ісік ауруларының 37%-ын алдын алуға болатын еді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл дегеніміз – сол жылы анықталған 7,1 миллионға жуық онкологиялық дертке адамдардың зиянды әдеттері мен өмір салты тікелей әсер еткен.

    Зерттеу барысында обырдың дамуына әкелетін 30-ға жуық алдын алуға болатын фактор анықталды. Олардың ішіндегі ең негізгілері мыналар:

    «Бірінші орында – темекі. Ол әлемдегі барлық жаңа жағдайдың 15%-ына себеп болады. Екінші орында – түрлі инфекциялар (10%), ал үшінші орында – алкогольді ішімдіктер (3%) тұр», — делінген ДДҰ есебінде.

    Ғалымдардың дерегінше, зиянды факторларға ер адамдар әйелдерге қарағанда әлдеқайда осал келеді.

    Мамандар онкологиямен күрестің ең тиімді құралы ретінде АПВ (адам папилломасы вирусы) мен гепатитке қарсы екпе салдыруды және темекіден толықтай бас тартуды ұсынады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →