Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    Трамп Путиннен Украинаны атқылауды тоқтатуды сұрады: Мәскеу әзірге үнсіз

    АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путиннен қатты аязға байланысты Украинаға соққы беруді бір аптаға тоқтатуды сұрағанын мәлімдеді.

    Трамп Путиннен Украинаны атқылауды тоқтатуды сұрады: Мәскеу әзірге үнсіз

    АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннен қатты аязға байланысты Украина қалаларына соққы беруді бір аптаға тоқтатуды сұрап, оның келісімін алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Трамп бұл туралы Вашингтонда өткен үкімет отырысында айтты. Оның сөзінше, бұл өтініш 29 қарашада жасалған.

    «Мен президент Путиннен Киев пен басқа да қалаларды бір апта бойы атқыламауды жеке өзім сұрадым. Ол келісті. Бұл өте сыпайы қадам болды», — деді АҚШ президенті.

    Алайда Мәскеу атысты тоқтату туралы келісімді ресми түрде растаған жоқ. Сонымен қатар Трамп соққылардың нақты қай күннен бастап тоқтатылатынын нақтыламады.

    Дегенмен, өткен түн Киевте тыныш өтті: ресейлік дрондардың шабуылы да, жарылыстар да тіркелмеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →