Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады

    Трамп Украинаға талап қойды: Донбасты Ресейге берсеңдер, қауіпсіздік болады

    Financial Times: Трамп әкімшілігі Украинаға Донбасты Ресейге берсе ғана қауіпсіздікке кепілдік беретінін айтып, қысым жасап отыр.

    Трамп Украинаға талап қойды: Донбасты Ресейге берсеңдер, қауіпсіздік болады

    АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Украинаға Ресеймен келісімге келу үшін Донбастан бас тартуды ұсынған. Financial Times басылымының жазуынша, Вашингтон мұндай қадамға барса ғана Киевтің қауіпсіздігіне кепілдік бермек, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Келіссөздер барысынан хабардар дереккөздерге сүйенген басылым Ақ үйдің бұл шартты ашық меңзегенін айтады. Бұл, ең алдымен, Кремль көптен бері талап етіп келе жатқан Донбасс аймағына қатысты.

    Алайда Украина бұл ұстаныммен келіспейді. Киев өз аумағынан өз еркімен бас тартпайтынын мәлімдеп, қазір Донбастың шамамен 20%-ын бақылауында ұстап отыр.

    Financial Times дерегінше, АҚШ-тағы кейбір саясаткерлер бұл аумақты Ресейге беруді соғысты тоқтатудың «бағасы» деп санайды. Бұл Вашингтонның Украинаның пікіріне қарамастан, Владимир Путиннің талаптарымен ішінара келісуге дайын екенін көрсетеді.

    Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-пен қауіпсіздік кепілдіктері туралы құжат «100 пайыз дайын» екенін, тек қол қою қалғанын айтқан еді. Бірақ Әбу-Дабиде өткен келіссөздерден кейін де мәселе шешілмеді. Зеленский аумаққа қатысты тараптардың «ұстанымы мүлдем екі түрлі» екенін мойындады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →