Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 445,1↑€ 490,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Балалар арбасымен қоғамдық көлікке тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды • Роднина Канада премьер-министрінің виза шешіміне жауап берді • Астанада дипломаттар арасындағы шахмат турнирінің жеңімпазы анықталды • Балалар арбасымен қоғамдық көлікке тыйым салынғаны туралы ақпарат жалған • «Чикаго» қақпашысының таяғы бортқа қысылып, «Виннипег» шайба соқты • Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінің финалына шығып, 1,73 млн доллар тапты • Дариға Бадықова әжесінің жеті баламен жалғыз қалып, ешкімнен көмек сұрамағанын еске алды • Роднина Канада премьер-министрінің виза шешіміне жауап берді • Астанада дипломаттар арасындағы шахмат турнирінің жеңімпазы анықталды •

    «Көйлегін шешіп, костюмін жыртқан»: Серік Сәпиевті өз орынбасары сабады

    «Көйлегін шешіп, костюмін жыртқан»: Серік Сәпиевті өз орынбасары сабады

    Фото: qrnews.kz

    Қарағанды қаласында бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов қатысқан жанжал болды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

    Редакция мәліметінше, оқиға 21 қаңтар күні Қарағандыдағы облыстық кешенді мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аумағында болған. Алдымен тараптар арасында сөзге келу орын алып, кейін ол төбелеске ұласқан. Нәтижесінде Серік Сәпиев дене жарақатын алған.

    Аталған дерек бойынша ұрып-соғу фактісімен қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық баптың санкциялары айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе 25 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді.

    Tengrinews.kz редакциясы Серік Сәпиев пен Даурен Есімхановпен байланыса алмаған. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы әкімдігінен ресми түсініктеме күтіліп отыр.

    Сонымен қатар, журналистер Қарағанды облысының полиция департаментінен пікір алған.

    «Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 21 қаңтар күні қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал болғаны анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Сонымен қатар, осыған байланысты спорт журналисі Бек Төлеуов пікір білдірді.

    Журналист өткен кезеңмен салыстыра отырып, қазіргі жағдайдың ерекшелігіне назар аударды.

    «Баяғыда Ермахан Ибрайымовты ұрды дегенді естіп едік. Оған 25 жыл болды. Заман басқа. Бандиттердің дәуірі. Бұл жолы мемлекеттік қызметте жүрген Сәпиевті көйлегін шешіп, костюмін жыртып, көшеде көк ала торғайдай сабап кетіпті. Ұрған бөтен емес. Орынбасары екен», деп жазды ол.

    Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

    Айта кетейік, Серік Сәпиев – 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Қазіргі таңда ол Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →