Тоқаев Қызылордада сөз сөйлейді: Ел дамуының жаңа бағыттары жарияланады
20 қаңтарда Қызылордада өтетін Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуының жаңа бағыттарын белгілейді.
Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтеді, оған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Мемлекет басшысы 20 қаңтарда сөз сөйлеп, еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындайды деп күтілуде, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Ұлттық құрылтай – билік пен қоғам арасындағы маңызды диалог алаңы. Онда қоғам өміріндегі өзекті мәселелер талқыланып, елдің стратегиялық дамуына қатысты ұсыныстар айтылады.
Президент өз сөзінде еліміздің ішкі-сыртқы саясаты, экономикалық және әлеуметтік реформалар туралы маңызды мәлімдемелер жасайды деп жоспарланған. Бұл жиынның қоғамда үлкен үміт тудырып отырғаны сондықтан.
Фото: Әлеуметтік желіден
