Алматы әуежайы жолаушыларға маңызды ескерту жасады: Ауа райы күрт нашарлады
Алматы халықаралық әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше рейс уақытынан кешігіп жатыр. Әуежай әкімшілігі жолаушыларға ескерту жасады.
Алматы халықаралық әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше рейс кейінге шегерілді. Қалаға түскен қалың қар ұшақтардың ұшып-қону кестесіне әсер етті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мамандар ұшу-қону жолағын қардан тазартып, жолаушылардың күту уақытын қысқарту үшін барлық шараны қабылдауда.
Дегенмен, әуе компаниялары үшін басты басымдық – жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр.
«Құрметті жолаушылар, әуежайға шықпас бұрын рейсіңіздің нақты мәртебесін әуе компаниясынан немесе alaport.com ресми сайтындағы таблодан тексеріп алуды сұраймыз», — делінген әуежай әкімшілігі таратқан хабарламада.
Фото: Әлеуметтік желіден
