Фото: t.me/railways_kz
Арыс – Монтайтас тас жолының бойында орналасқан Арыс қаласындағы мұнай базасының сорғы станциясында 30 шаршы метр аумақты қамтыған мұнай өнімдерінің өрті тіркелді. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлайды.
Оқиға кезінде оттың жапсарлас ғимаратқа және маңайдағы бес резервуарға таралу қаупі болған.
Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің сұранысымен өртті сөндіруге Арыс станциясының өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды.
«Өрт жедел түрде ауыздықталып, сағат 06:38-де толықтай сөндірілді. Өртті жою жұмыстарына ТЖД қызметкерлері, өрт сөндіру пойызы мен өзге де бөлімшелерді қоса алғанда 60 адам қатысты. Барлығы 10 бірлік техника пайдаланылды», – делінген ресми ақпаратта.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебін Түркістан облыстық ТЖД жанынан құрылған комиссия анықтап жатыр.
