Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Австралиялық Hoofbeats журналы Тоқаевтың Ақжан биесі туралы мақала жариялады • Меруерт Өтекешова мен Мүнира Ижанова алғаш рет бірге сұхбат берді • Қазақстандық өрт сөндірушілер Бакуде әлем рекордын орнатып, алтын алды • Қуандық Қыстақбаев әкесінің 78 жасында дүниеге келгенін айтты • Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен амандаспайтынын айтты • Тоқаев Qarmet ұжымына кредиттік ресурстардың құнын төмендетуді тапсырды • Австралиялық Hoofbeats журналы Тоқаевтың Ақжан биесі туралы мақала жариялады • Меруерт Өтекешова мен Мүнира Ижанова алғаш рет бірге сұхбат берді • Қазақстандық өрт сөндірушілер Бакуде әлем рекордын орнатып, алтын алды • Қуандық Қыстақбаев әкесінің 78 жасында дүниеге келгенін айтты • Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен амандаспайтынын айтты • Тоқаев Qarmet ұжымына кредиттік ресурстардың құнын төмендетуді тапсырды •

    Киев мэрі халыққа үндеді: «Мүмкіндік болса, қаладан уақытша кетіңіздер»

    Ресей әскерінің жаппай соққысынан кейін Киев тұрғындары бірнеше күннен бері жарықсыз, сусыз отыр. Қала мэрі халықты уақытша көшуге шақырды.

    Киев мэрі халыққа үндеді: «Мүмкіндік болса, қаладан уақытша кетіңіздер»

    Ресей әскерінің Киевке жасаған жаппай шабуылынан кейін қала тұрғындары бірнеше тәуліктен бері жарықсыз, сусыз және жылусыз отыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    9 қаңтарға қараған түні Ресей әскері Киевке жүздеген дрон, «Калибр» қанатты зымырандары және баллистикалық зымырандармен соққы берді.

    Соққы салдарынан Киев тұрғындарының басым бөлігі жарықтан, судан және жылудан ажыратылды. Тіпті метроның жер үстіндегі қызыл желісінде пойыздар қозғалысы тоқтатылған.

    Елорда мэрі Виталий Кличко бұл соққы Киевтің аса маңызды инфрақұрылым нысандары үшін ең ауыры болғанын мәлімдеді. Ол қала тұрғындарын мүмкіндігінше қала сыртына, жарық пен жылудың балама көздері бар жерге уақытша көшуге шақырды.

    Шабуылдан кейінгі төртінші тәулікте коммуналдық қызметтер электр, жылу және сумен жабдықтауды әлі толық қалпына келтіре алмады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →