Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 27 шілде 2026 $ 474,7 539,9 6,07
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Пышақтасқан: Алматыдағы жаппай төбелестен кейін алты адам ұсталды (ВИДЕО) Алматыда еріктілер екі аптадан бері жоғалған әйелді іздестіруде Берлин полициясы ЛГБТ шеруіне көлік айдап кірген күдіктіні атып өлтірді Атырау маңындағы бағбан Алматы апортының үш түрін өсіруде Алматыда 12-16 мамырда бірнеше аумақта газ өшіріледі Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелімен татуласып, Түркияда демалып жатыр Пышақтасқан: Алматыдағы жаппай төбелестен кейін алты адам ұсталды (ВИДЕО) Алматыда еріктілер екі аптадан бері жоғалған әйелді іздестіруде Берлин полициясы ЛГБТ шеруіне көлік айдап кірген күдіктіні атып өлтірді Атырау маңындағы бағбан Алматы апортының үш түрін өсіруде Алматыда 12-16 мамырда бірнеше аумақта газ өшіріледі Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйелімен татуласып, Түркияда демалып жатыр

    Ресейдің жаңа дроны Иранның көшірмесі болып шықты: Киев мәлімет таратты

    Ресей Украинаға алғаш рет "Герань-5" дронымен шабуылдады. Украина барлауының мәліметінше, бұл Иранның "Karrar" дронына ұқсайтын қуатты қару.

    Ресейдің жаңа дроны Иранның көшірмесі болып шықты: Киев мәлімет таратты
    file_70.jpg

    Ресей Украинаға шабуыл жасау үшін бұрын-соңды қолданылмаған жаңа «Герань-5» дронын алғаш рет пайдаланды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Украинаның Бас барлау басқармасы (БББ) соққы жасаған ұшқышсыз ұшу аппаратының қалдықтарының суретін жариялады. Олардың мәліметінше, дронның ұзындығы – шамамен 6 метр, қанатының құлашы – 5,5 метрге дейін, оқтұмсығының салмағы – 90 келі, ал ұшу қашықтығы – 1000 шақырымға жуық.

    «Бұған дейінгі «Герань» дрондары сияқты, бұл ұшқышсыз ұшу аппаратын да Ресейдің төл туындысы деп атау қиын. Оның конструкциясы мен технологиясы Иранның «Karrar» дронына айтарлықтай ұқсайтыны анықталды», — деп атап өтті БББ.

    Сондай-ақ, барлау басқармасы Ресей ұшу қашықтығын арттыру үшін жаңа дронды Су-25 ұшақтарынан ұшыру нұсқасын пысықтап жатыр деп санайды. Бұдан бөлек, «Герань-5» дронын «әуе-әуе» үлгісіндегі зымырандармен жабдықтау мүмкіндігі де қарастырылуда.

    Фото: Украина Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →