Нұрсұлтан шыңы: «Атауын Қаңтар деп өзгертіп, құрбандарға құрмет көрсетейік»

Журналист Еренғайып Қуатайұлы Алматыдағы бұрынғы Нұрсұлтан шыңының атауын «Қаңтар шыңы» деп өзгерту туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Автордың айтуынша, бұл ұсынысқа оның шың басына жасаған сапары түрткі болған. Ол бұл қадамды 2022 жылғы Қаңтар оқиғасының құрбандарын еске алудың маңызды белгісі деп санайды.

«Әлі де ресми түрде Нұрсұлтан аталып тұрған бұл шыңды Қаңтар шыңы деп атасақ. Қаңтар көтерілісінің құрбандарына құрметіміз болсын», – деп жазды ол.

Теңіз деңгейінен 4376 метр биіктікте орналасқан бұл шың әр жылдары әртүрлі аталған. 1935 жылға дейін – Кіші Алматы шыңы, 1997 жылға дейін – Комсомол, кейін Нұрсұлтан шыңы болды. 2023 жылы оның атауы Алматы шыңы болып өзгергенімен, бұл атау географиялық атаулардың ресми тізіліміне әлі енгізілмеген.

Еренғайып Қуатайұлы бұл бастаманы Мәжіліс депутаттары Ермұрат Бәпи мен Бақытжан Базарбекке жеткізіп, олардың парламент мінберінен мәселе көтеруін сұрады.

Фото: zabugorshiki.com

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика