АҚШ вице-президенті Вэнс Дания мен Еуроодақты Гренландия қауіпсіздігі үшін сынға алды

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Гренландияның стратегиялық маңызына тоқталып, Дания мен Еуроодақ аймақ қауіпсіздігін күшейтуге жеткілікті көңіл бөлмеді деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Гренландия АҚШ-ты ғана емес, бүкіл әлемді Ресей немесе Қытай тарапынан болуы мүмкін зымыран соққыларынан қорғау тұрғысынан аса маңызды.

«Еуропа президент пен бүкіл әкімшіліктің негізгі уәжін әлі күнге дейін ескермеді: Гренландия тек біздің ұлттық қауіпсіздігіміз үшін емес, әлем қауіпсіздігі үшін де шешуші мәнге ие», — деді Вэнс Fox News арнасына берген сұхбатында.

Вэнс АҚШ-тың зымыраннан қорғану жүйесінің бір бөлігі осы аралдағы инфрақұрылымға тіреліп тұрғанын айтты. Ол Дональд Трамп әкімшілігі Гренландияны бақылауға алуға ұмтылып отырғанын дәл осы факторлармен байланыстырды.

«Көп адам зымыранға қарсы қорғаныс инфрақұрылымының едәуір бөлігі Гренландияға тәуелді екенін түсіне бермейді», — деді ол.

Бұған дейін Еуропа көшбасшылары Данияны қолдайтын бірлескен мәлімдеме жариялады. Копенгаген Трамптың Арктикадағы аралға қатысты жоспарына қарсы екенін ашық білдірген.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика