Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 445,4↓€ 493,3↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әлемді шулатқан миллиардер: Трамп Nvidia басшылығына Тим Кукты ұсынды • Қаза тапқандар бар: Түркияда ұшақ құлады (ФОТО) • Мугуруса Рыбакинаның турнирден шығуын түсіндіріп, Костюктің алмастыруын бағалады • Алматыда медициналық суреттердің 25 жылға дейін сақталатын бірыңғай цифрлық архиві құрылды • Жәнібек Әлімханұлы жаңа чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады • PANA жобасы: зорлықтан қорғайтын сенім нүктелері • Әлемді шулатқан миллиардер: Трамп Nvidia басшылығына Тим Кукты ұсынды • Қаза тапқандар бар: Түркияда ұшақ құлады (ФОТО) • Мугуруса Рыбакинаның турнирден шығуын түсіндіріп, Костюктің алмастыруын бағалады • Алматыда медициналық суреттердің 25 жылға дейін сақталатын бірыңғай цифрлық архиві құрылды • Жәнібек Әлімханұлы жаңа чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады • PANA жобасы: зорлықтан қорғайтын сенім нүктелері •

    «Камри» үшін құрбандық: БЦК топ-менеджері 25 млн теңгені қалтаға басқан

    БЦК топ-менеджері Құрбан айт алдында достарынан алған 25 млн теңгеге «Камри» мініп, сот алдында жауап берді.

    «Камри» үшін құрбандық: БЦК топ-менеджері 25 млн теңгені қалтаға басқан

    Фото: pexels.com

    Елдегі танымал банктің бірінің топ-менеджері 2022 жылы құрбандыққа мал сату идеясымен достарын алдап, олардың 25 миллион теңгесін жаңа көлікке жұмсаған, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі Kozachkov-қа сілтеме жасап.

    БЦК-де кредиттік тәуекелдерді бағалау дирекциясының басшысы қызметін атқарған Біржан Нәбиев Семейден келген таныстарымен бірігіп, Құрбан айт мерекесі қарсаңында ірі қара сатып алып, Алматыда пайдамен қайта сатуды ұсынған.

    Ол әр бас малдан кем дегенде 100 мың теңге кіріс болатынын айтып, қажетті барлық жұмысты өзі атқаратындығына уәде берген. Бірақ оған 80 бас малға шамамен 25 млн теңге керек болған. Екі досы сеніп, ақшаны қолына табыстаған.

    Алайда банкир сол қаражатқа «Тойота Камри» сатып алып, оған арнайы «777» нөмірін тағып қойған. Мал алу, сату жоспары – жалған болған.

    Көп ұзамай салымшылар қаржыларының қайда кеткенін білуге тырысқанда, Нәбиев байланыстан жалтарып жүріп, кейін мойындауға мәжбүр болған. Ол көлік алғанын айтып, бәрін қайтарамын деп ант берген.

    Бірақ уәде орындалмаған соң 2023 жылдың соңында жәбірленушілер полицияға жүгінген. Тергеу ісі басталып, 2025 жылдың күзінде Біржан Нәбиев сот алдында жауап берді.

    «Мен ешкімнен ақша алған жоқпын, не үшін жауап беріп жатқанымды да түсінбеймін», — деді айыпталушы өз сөзінде.

    Бірақ судья Залина Махарадзе жәбірленушілер ұсынған деректерге сүйене отырып, оны кінәлі деп таныды. Біржан Нәбиев алаяқтық бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылып, 31 желтоқсанда тергеу изоляторына қамалды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →