Асанәлі Әшімовтің жары қайғысын бөлісті: «Үш минутта айырылып қалдым»

Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова өмірлік серігінен айырылғаннан кейін жан тебірентерлік жазба жариялады. Ол өзінің Instagram парақшасында жарына деген өшпес сағынышын жеткізіп, аза жамылған сәттерін бөлісті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бағдат Әшімованың жазбасында ол Асанәлі Әшімовпен 23 жыл, 1 ай, 3 күн бақытты ғұмыр кешкенін айта келе, оның кенеттен бақилық болуы бауырын күйдіргенін жасырмады. Айтуынша, барлығы үш-ақ минутта болған.

«Адамның айтқаны орындалмайды, Алланың қалауына ешкім қарсы тұра алмайды. Бұл — тағдыр. Үш минут ішінде бәрі өзгеріп шыға келді», – деп жазды Бағдат Әшімова.

Сонымен қатар ол жұбайын соңғы сапарға шығарып салуға келген барлық халыққа алғысын білдірді. Өз қайғысына ортақтасқан көпшіліктің қамқорлығы мен қолдауы жүрегіне медеу болғанын жеткізді.

Фото: turkystan.kz

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика