Атырауда полиция қызметкерлері адам сенгісіз әрекетке барған

Фото: Pixabay

Атырау облысында екі полиция қызметкері пара алды деген күдікпен тергеліп жатыр. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы АқЖайыққа сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметке сәйкес, Мақат ауданының тұрғыны мас күйінде көлік тізгіндеп, әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін полиция қызметкерлеріне 300 мың теңге берген. Алайда кейін ер адам берілген қаражатты қайтаруды талап етіп, Атырау облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметіне арыз түсірген.

Арыз иесінің айтуынша, ол бұл әрекетке алкогольдік масаң күйде көлік жүргізгені үшін жазаға тартылмау мақсатында барған.

Аталған арыз 2025 жылғы 24 желтоқсанда тіркеліп, сол күні сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдікке ілінген екі полиция қызметкері жалпы жиналыс кезінде ұсталған.

Кейін олар уақытша ұстау изоляторына қамалып, қызметтік тексеру нәтижесінде заңға қайшы әрекеттері үшін ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика