Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Авторы мүлде басқа!»: Каспийде баласын күтіп отыр деген ананың видеосы фейк болып шықты • Бір жүк көлігінің кесірінен Ақтауға кіретін жол мен пойыз қозғалысы жабылды (ВИДЕО) • Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады • Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз: Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті • Экономист: Әлемдік тарифтер мыс өңдеудің нақты шығынын әрдайым көрсете бермейді • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының инфрақұрылымын жаңартуға 4,4 млрд теңге бағыттады • «Авторы мүлде басқа!»: Каспийде баласын күтіп отыр деген ананың видеосы фейк болып шықты • Бір жүк көлігінің кесірінен Ақтауға кіретін жол мен пойыз қозғалысы жабылды (ВИДЕО) • Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады • Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз: Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті • Экономист: Әлемдік тарифтер мыс өңдеудің нақты шығынын әрдайым көрсете бермейді • Қазақмыс Жезқазған мыс балқыту зауытының инфрақұрылымын жаңартуға 4,4 млрд теңге бағыттады •

    Шұғыл! Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады

    Шұғыл! Астана әуежайы жолаушыларға ескерту жасады

    Фото: Pixabay

    6 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай жолаушыларға рейстердің кешігуіне қатысты ресми хабарлама таратты. Бұл жөнінде Qazaqtoday.info ақпарат порталы мәлімдеді.

    Әуежайдың мәліметінше, қазіргі таңда нысан қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Барлық қызметтер әуе кемелерін қабылдау және жөнелту жұмыстарын атқаруда, перронды тазалау мен аэродром инфрақұрылымын күтіп ұстау үздіксіз жалғасып жатыр. Қону бағыты бойынша 7 рейс кешігіп жатыр, ал Түркістаннан келетін 1 рейс тоқтатылған. Қону рейстерінің кешігуі мен тоқтатылу себептері әуе компаниялары мен басқа әуежайлар тарапынан анықталады. Ұшу бағытында 5 рейстің кешіккені белгілі болды.

    Рейстердің кешігуіне келесі жағдайлар әсер еткен:
    – Шымкент пен Қостанай бағыттарында – баратын әуежайлардағы қолайсыз ауа райы;
    – Қызылорда, Алматы және Камрань бағыттарында – әуе кемелерінің кеш келуі.

    Баспасөз қызметі Астана әуежайы тарапынан ешқандай шектеу қойылмағанын атап өтті. Аэродром мен терминалдардың жұмысы штаттық режимде жалғасып жатыр.

    Сондай-ақ жолаушыларға рейстердің нақты мәртебесін әуе компанияларынан алдын ала тексеру ұсынылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →