Атырауда жүргізуші жолдағы итті қағып, тоқтамай кетіп қалған

Фото: видеодан скрин

Атырау қаласындағы көшелердің бірінде орын алған қауіпті жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда жеңіл көлік жүргізушісінің жол үстінде жүрген итті қағып өтіп, бір сәтке де тоқтамай жүріп кеткені анық байқалады. Бұл жөнінде Qazaqtoday.info ақпарат порталы мәлімдеді.

Бейнежазбада көлік иесінің соқтығысудың алдын алуға тырыспағаны және жылдамдығын азайтпағаны көрінеді. Оқиғадан кейін жүргізуші көліктен түсіп, жануардың жағдайын тексермеген. Керісінше, видеодағы дыбыстарға қарағанда, күліп, оқиға орнынан кетіп қалған.

Аталған жағдай көктайғақ кезінде болғаны жұрттың алаңдаушылығын күшейтті. Сол мезетте жол жиегінде адамдардың жүргені де байқалады. Мұндай сәтте көлік басқарудан шығып кетуі әбден мүмкін еді. Яғни, бұл оқиға тек жануарға ғана емес, айналадағы адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне де нақты қауіп төндірген.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика