Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 464,4 538,0 5,40
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр «Сені жақсы көреміз»: Димаш Құдайберген қарындасына сахнада тосын сый жасады Алматыда тұрғын үй өртеніп, бір әйел ауруханаға жатқызылды «Келінім үйде ештеңе істемейді»: Айгүл Иманбаева отбасылық өмірі туралы сыр шертті Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр

    Қазақстанда өзін-өзін жұмыспен қамтығандарға арналған салық режимі қалай өзгереді?

    Такси мен курьерлерге: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа салық режиміне өту 28 ақпанда аяқталады.

    Қазақстанда өзін-өзін жұмыспен қамтығандарға арналған салық режимі қалай өзгереді?

    Фото: pexels.com

    Қазақстанда жаңартылған Салық кодексі 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге өтпелі кезеңнің 28 ақпанға дейін жалғасатынын ескертті.

    Бұл жаңа жүйе такси жүргізушілері, курьерлер, сұлулық салондары сынды жеке жұмыс істейтіндерге тікелей әсер етеді. Енді оларға салық есептеудің жеңілдетілген жолдары қол жетімді болады.

    Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Қазақстанда үш арнайы салық режимі қарастырылған:

    • жеке тұлғалар үшін — өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған;
    • жеңілдетілген декларация негізінде;
    • шаруашылық қожалықтар мен фермерлерге арналған.

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар салықты қалай төлейді?

    Енді ИП ашпай-ақ, ресми түрде жұмыс істей беруге болады. Ол үшін мемлекеттік бекітілген мобильді қосымша арқылы түбіртек беру жеткілікті. Бұл мүмкіндікті такси, курьерлік және түрлі қызмет көрсетушілер пайдалана алады. Үкімет бекіткен 40 түрлі кәсіп түрі бар.

    Егер сіз 2025 жылы патент немесе мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген болсаңыз — 28 ақпанға дейін тіркеуден шығып, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға ретінде жаңа режимге өтуіңіз керек.

    Түбіртек қай айда берілсе, салық режимі сол айдан бастап есептеледі.

    Жеңілдетілген декларация кімдерге арналған?

    Бұл режимге бұрынғыдай шағын бизнес өкілдерімен қатар, жалпы салық режимінде болған кез келген кәсіпкер өте алады. Ол үшін де өтінішті 1 қаңтар мен 28 ақпан аралығында беру қажет.

    2025 жылы жалпы салық режимінде болғандар, егер барлық талаптарға сай болса, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеңілдетілген режимді қолдануға өтініш бере алады. Бұл туралы екінші бөлімде көрсете отырып, тиісті үлгідегі хабарлама тапсыру керек.

    Егер өтініш уақытында берілмесе, кәсіпкерді 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап автоматты түрде жалпы салық режиміне ауыстырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →