Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 19 шілде 2026 $ 471,6 539,3 6,03
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін»: Жұлдыз Қайрат Нұртас екеуіне қатысты мәлімдеме жасады Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады «Ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін»: Жұлдыз Қайрат Нұртас екеуіне қатысты мәлімдеме жасады Астанада 24 жастағы жігіт бассейнге батып, жансақтау бөліміне түсті «Дронмен түсірілген өтірік декорация мен жаяу адам көретін сұмдық»: Қарағанды әкімдігі орталық көшелердің сиқын қашанғы жасырмақ? Теміртаудағы ойын алаңында 6 жасар бала саусағынан айырыла жаздады «Өзімді қатты кінәладым»: Әсел Садуақасова қайғылы жағдайымен бөлісті «Түркияға жолдама»: Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға уәде еткен пәтерін сыйлады

    Енді дәрігерге қол көтерсеңіз, қатаң жаза күтіп тұр: жаңа заң күшіне енді

    Медицина қызметкерлерін қорғау заңмен күшейтілді — енді шабуыл жасағандарға қатаң жаза қарастырылған.

    Енді дәрігерге қол көтерсеңіз, қатаң жаза күтіп тұр: жаңа заң күшіне енді

    Фото: pexels.com

    Қазақстанда медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған маңызды өзгеріс енді ресми түрде қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілеріне шабуыл жасағандарға қатысты жазаны қатайтатын заңға қол қойды.

    Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов бұл өзгерістердің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, егер бригадаға ешкім кедергі келтірмесе, жедел жәрдем де уақытында жетеді. Бұл әсіресе ауыр халдегі науқастар үшін өте маңызды.

    Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Бұған дейін медицина қызметкерлеріне жасалған шабуылдар «ұсақ бұзақылық» ретінде ғана қаралатын. Ал енді дәрігер мен жедел жәрдем қызметкері полиция, құтқарушы, орманшы сияқты арнайы мәртебеге ие болды. Бұл олардың өмірі мен кәсіби қауіпсіздігін сенімдірек қорғауға мүмкіндік береді.

    Бұл заң неліктен маңызды және кімге әсері мол?

    Асхат Аймағамбетовтың пікірінше, бұл бастама тек медицина мамандарын емес, науқастардың өздерін қорғауға бағытталған. Себебі маман өзін қауіпсіз сезінсе, қолы аман болса — ол жұмысын тастамай, мыңдаған отаны сәтті жасайды.

    «Мұндай құқықтық қорғау – инфаркт алған әжеге де, тырыспа ұстап қалған балаға да қажетті. Егер дәрігерге ешкім қол көтермесе, онда жедел жәрдем де кешікпейді», — деді депутат.

    Ол шабуылдың тек бір адамның мәселесі ғана емес, уақыт жоғалтуға, емнің бұзылуына, тіпті адамның өміріне қауіп төндіретінін баса айтты.

    Ендігі жаза қандай болады?

    Қылмыстық кодекске жаңа 380-3-бап енгізілді. Бұл бап бойынша медицина қызметкеріне шабуыл жасағандар қатаң жазаға тартылады. Бұл нормалар Сенат тарапынан 2025 жылдың желтоқсанында мақұлданған болатын.

    Соңғы бес жылда Қазақстанда 175-тен астам медицина қызметкеріне шабуыл тіркелген. Өкінішке қарай, мұндай оқиғалар азаяр емес.

    Аймағамбетовтың сөзін түйіндесек: «Қорғалған дәрігер — құтқарылған адам. Бұл өзгертуді қажет етпейтін қағида».

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →