Трамп Венесуэлаға қатысты мәлімдеме жасады: АҚШ әскері аймақта қалмақ

Фото: pexels.com

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Венесуэладағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Вашингтон бұл елдегі билікті өз мүддесіне сәйкес қайта құрылымдамайынша, ол жақта болуын жалғастырады.

Басты мақсат — Венесуэла халқына қарсы күштердің билікке келуіне жол бермеу. Сонымен қатар мұнай инфрақұрылымын қалпына келтіру де жоспарда бар.

Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

Трамптың сөзінше, АҚШ-тың ірі мұнай компаниялары Венесуэла нарығына кіріп, инвестиция салады. Сол арқылы елдің экономикасы мен жұмыс орындарын қайта жандандыру жоспарланып отыр.

Оның айтуынша, Венесуэла халқы енді анағұрлым бай, қауіпсіз әрі тұрақты болашаққа қарай қадам басады. АҚШ бұл процесті басқаруға белсенді түрде араласпақ.

Венесуэлаға жасалған операция қандай мақсат көздейді?

Бұрынғы президент операцияны «Түн ішіндегі балға» деп атап, оны Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең ауқымды әскери қадам деп сипаттады. Ол АҚШ қана осындай ауқымды әрі тиімді әрекетке бара алатынын айтты.

Сондай-ақ ол Венесуэла мұнай саласын бастап берген АҚШ екенін, бірақ кейін оны социалистік режим биліктен тартып алғанын еске салды.

АҚШ әскери армадасы аймақта қала береді. Егер Мадуро режимін қолдаушылар халық не Америкамен әділетсіз әрекетке барса, мұндай операция қайта қайталануы мүмкін.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика