Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды • Әлемге танымал қазақ физигі Манат Мәуленбайұлы АҚШ-та қайтыс болды • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды • Әлемге танымал қазақ физигі Манат Мәуленбайұлы АҚШ-та қайтыс болды • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті •

    Қазақстанда алдағы күндері қай өңірде қар, қай жерде жаңбыр жауады?

    Алдағы күндері Қазақстанда қар аралас жаңбыр жауып, тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.

    Қазақстанда алдағы күндері қай өңірде қар, қай жерде жаңбыр жауады?

    Фото: pexels.com

    Алдағы күндері Қазақстан аумағынан Жерорта теңізі маңынан жеткен циклон өтеді деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары. Бұл ауа ағымы қар жауып, боран болуына, кейбір аймақтарда жаңбыр аралас қар түсуіне себеп болмақ.

    Бұл құбылыс әсіресе еліміздің солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында қатты байқалады. 3 қаңтарда солтүстік-батыста қар қалың түссе, 5 қаңтарда жауын-шашын оңтүстік-шығыста күшейеді.

    Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Жаңбыр мен қар қай өңірлерге түседі?

    Синоптиктердің айтуынша, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын күтіледі. Ал елдің өзге бөлігінде қар ұшқындап, боран соғады.

    Бүкіл республикада көктайғақ, тұман және қатты жел болуы ықтимал. Бұл жол қозғалысы мен көлік қатынасына кері әсер етуі мүмкін.

    Температура қандай болады?

    Ауа температурасы өңірлерге қарай әркелкі қалыптасады:

    • Батыс: түнде 0 °C-тан –8 °C-қа дейін, күндіз –2 °C пен +5 °C аралығы
    • Орталық аймақтар: түнде –10–18 °C, күндіз –5–12 °C
    • Оңтүстік: түнде 0–10 °C, күндіз –6 °C-тан +2 °C-қа дейін
    • Оңтүстік-шығыс: түнде –0–5 °C, таулы жерде –8–13 °C, күндіз –2 °C пен +3 °C, тауда –5–10 °C
    • Шығыс: түнде –5–13 °C, күндіз –5–10 °C

    Синоптиктер тұрғындарды ауа райының құбылмалылығына байланысты сақтық шараларын қаперде ұстауға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →