Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды • Әлемге танымал қазақ физигі Манат Мәуленбайұлы АҚШ-та қайтыс болды • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды • Әлемге танымал қазақ физигі Манат Мәуленбайұлы АҚШ-та қайтыс болды • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті •

    Томми Ли Джонстың қызы қонақ үйден өлі табылды: нақты себебі әлі белгісіз

    Актер Томми Ли Джонстың қызы Сан-Францискода қонақ үйден өлі табылып, өлім себебі әзірге анықталған жоқ.

    Томми Ли Джонстың қызы қонақ үйден өлі табылды: нақты себебі әлі белгісіз

    Фото: pexels.com

    АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы әйгілі Fairmont қонақ үйінен голливуд актері Томми Ли Джонстың 34 жастағы қызы Виктория өлі күйінде табылды, деп жазады MadeniPortal.kz.

    Оқиға орнына келген жедел жәрдем оның көз жұмғанын растаған. Бірақ өлімнің нақты себептері әзірге анықталған жоқ.

    Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Виктория Томми Ли Джонстың жолын қуып, бала кезінен-ақ кино әлемінде көріне бастаған. Ол алғаш рет көрерменге «Қара киімділер 2» фильмінен таныс болса, кейін телехикаялар мен драмаларда бірнеше рөлді сомдады.

    Арасында «One Tree Hill» сериалы мен әкесі түсірген «Үш мола» атты драмалық туындыда да бой көрсеткен.

    Қайтыс болу себебі не болуы мүмкін?

    Танымал отбасынан шыққан, болашағынан үміт күттірген актрисаның осындай жұмбақ жағдайда көз жұмуы көпшілікті таңғалдыруда. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр, ал отбасы мүшелері бұл кезеңде пікір білдіруден бас тартқан.

    Оқиға көпшілікті алаңдатып отыр, әсіресе шоу-бизнес өкілдері мен жанкүйерлер оның өліміне не себеп болуы мүмкін деген сұраққа жауап іздеуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →