Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды • Әлемге танымал қазақ физигі Манат Мәуленбайұлы АҚШ-та қайтыс болды • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • Ресейлік ауқатты кәсіпкер Қазақстан төлқұжатын алды • Әлемге танымал қазақ физигі Манат Мәуленбайұлы АҚШ-та қайтыс болды • Қандастарға мемлекет қанша ақша төлейді және оны қалай алуға болады • Қазақстанда жүк көліктерінің ақылы жолмен жүру ақысы өзгеруі мүмкін • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті •

    Астана мен Алматыда көктайғақ пен тұман болады: синоптиктер ескертті

    2 қаңтарда Астана мен Алматы тұрғындарына көктайғақ пен тұманға байланысты ескерту жарияланды.

    Астана мен Алматыда көктайғақ пен тұман болады: синоптиктер ескертті

    Фото: pexels.com

    2 қаңтарда еліміздің бірнеше аймағында ауа райы құбылмалы болады, деп ескертті «Қазгидромет» мамандары. Астанада −17 градусқа дейін аяз болса, Алматыда керісінше, күн жылы әрі тұманды болмақ.

    Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Синоптиктердің мәліметінше, Астанада күндіз ауа температурасы −7…−9°C, түнде −15…−17°C шамасында болады. Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Дегенмен, жолдарда көктайғақ болу ықтималдығы жоғары, сондықтан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге абай болу ұсынылады.

    Желдің жылдамдығы секундына 2–7 метрге дейін жетеді.

    Алматыда не күтілуде?

    Алматыда да күн жауын-шашынсыз өтеді, бірақ түнде және таңертең қою тұман түседі. Автокөлік жолдарында мұз қатып, көктайғақ түсуі мүмкін.

    Температура түнгі уақытта 0…−2°C, күндіз +2…+4°C аралығында болады. Желдің екпіні секундына 8 метрге дейін жетеді.

    Елдің оңтүстік және орталық бөліктерінде жауын-шашын болмайды, алайда тұман мен көктайғақ әбден мүмкін. Ал басқа өңірлерде қар жауып, боран соғуы ықтимал.

    Мамандар алыс жолға шығатын азаматтарды ауа райы болжамын алдын ала біліп отыруға және қауіпсіздікті сақтауға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →