Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ТүркПА отырысында ортақ Цифрлық кодекс әзірлеу ұсынылды • Алматы облысында көпір қирап жатыр: тұрғындар әкімдіктен жөндеуді талап етті • Өскеменнің ортасында көлік қоятын орын тапшы: жаңа тұрғын үйлер кептелісті күшейте ме? • «Динара Сәтжан емес!»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіге дөрекі ескерту жасады • Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді • ТүркПА отырысында ортақ Цифрлық кодекс әзірлеу ұсынылды • Алматы облысында көпір қирап жатыр: тұрғындар әкімдіктен жөндеуді талап етті • Өскеменнің ортасында көлік қоятын орын тапшы: жаңа тұрғын үйлер кептелісті күшейте ме? • «Динара Сәтжан емес!»: Жұмабек Жанықұл жүргізушіге дөрекі ескерту жасады • Қауіпсіздікке ортақ жауапкершілік: «Қазақмыс» басшылар мен өндіріс мамандарын бір алаңға жинады • Экономикалық шолушы Юрий Масанов Қазақстанға мыс өңдеудің жаңа ережелері не үшін қажет екенін түсіндірді •

    Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралады

    Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралады

    Фото: Ақорда

    Президентке Жамбыл облысына инвестиция тарту және агроөнеркәсіп кешенін дамыту жобалары таныстырылды. Бұл туралы Qazaq Today ақпарат порталы хабарлады.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономиканы индустриаландыру, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, егіс алқаптарын әртараптандыру, су үнемдеу технологиясын енгізу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалып, инвестициялық пул туралы мәлімет берілді.

    Жыл басынан бері өңірге 599,2 миллиард теңге инвестиция тартылған, өсім 33 пайыз. Соңғы екі жылда облыста жалпы құны 242 миллиард теңге болатын 56 инвестициялық жоба іске асырылған.

    Мемлекет басшысына облыстағы жетекші кәсіпорындардың жобалары көрсетілді. Олардың қатарында «Қазфосфат» серіктестігінің минералды тыңайтқыштар өндіру және YONGGANG CENTRAL IRON and STEEL компаниясы салып жатқан металлургия зауыты жобалары бар.

    Сондай-ақ Жаңатас қаласындағы «ЕвроХим-Қаратау» ауқымды инвестициялық жобасының аралық қорытындысы ұсынылды. Қазір күкірт қышқылын өндіретін жаңа зауытты іске қосу алдындағы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы өнім ішкі нарыққа жөнелтілді.

    Алдағы уақытта пайдалануға берілетін Shengtai Biotech Co.Ltd жүгері өңдеу зауыты жөнінде де баяндалды. Шу ауданындағы бұл жобаға 1,5 миллиард доллар инвестиция салынған. Сонымен бірге Байзақ ауданындағы Zhongkai Kazakhstan International Company қант зауыты құрылысы жайында мәлімет берілді.

    Бұдан бөлек, KAZ FMWORLD AGRICULTURAL MACHINERY компаниясының индустриалдық аймақта шығарылатын ауылшаруашылық техникалары көрсетілді.

    Айта кетелік Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Сонымен қатар Президент Жамбыл облысындағы фармацевтикалық кәсіпорындардың қызметімен танысқан еді.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →