Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 13 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті • Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді: бірден үш туристік нысан дүниежүзіндегі ең үздіктер тізіміне енді • Тоқаев 24 қарашаға дейін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тапсырды • Ұлытауда жаңа рухани орталық ашылды: мешіт құрылысына «Қазақмыс» қолдау көрсетті • «Сахнаның легендасы»: Елдос Колобок Қайрат Нұртасқа қомақты сый жасады (ВИДЕО) • Тоқаев: «Өз» және «жат» деген бөліну болмайды, сыбайлас жемқорлыққа қатаң қарсы тұрамыз • «Қорадағы малды айдап әкетеді»: Алматы облысында тұрғындар ұрыларға тосқауыл қоюды талап етті • Алматы таулары әлемдік рейтингтерде үздіктер қатарынан көрінді: бірден үш туристік нысан дүниежүзіндегі ең үздіктер тізіміне енді • Тоқаев 24 қарашаға дейін квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды тапсырды • Ұлытауда жаңа рухани орталық ашылды: мешіт құрылысына «Қазақмыс» қолдау көрсетті • «Сахнаның легендасы»: Елдос Колобок Қайрат Нұртасқа қомақты сый жасады (ВИДЕО) • Тоқаев: «Өз» және «жат» деген бөліну болмайды, сыбайлас жемқорлыққа қатаң қарсы тұрамыз •

    Автобуссыз қалған ауыл: Ақмола тұрғындары өмірін қатерге тігіп жүр

    Автобуссыз қалған ауыл: Ақмола тұрғындары өмірін қатерге тігіп жүр

    Фото: видеодан скрин

    Ақмола облысындағы Қызылжар ауылында қоғамдық көлік мәселесі ушығып тұр. Ауыл тұрғындарының сөзінше, 308 бағыттағы автобус ауылға қатынайтын рейсін ешқандай ескерту жасамастан тоқтатқан. Соның салдарынан халық күн сайын тасжол бойындағы аялдамаға дейін жаяу баруға мәжбүр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Аталған жол учаскесінде көліктер өте жоғары жылдамдықпен қозғалады – кей сәттерде сағатына 100 шақырымға дейін жетеді. Тұрғындар бұл жағдайдың аса қауіпті екенін айтып отыр. Өйткені былтыр дәл осы маңда жол-көлік оқиғасы болып, адам өлімі тіркелген. Қазір қыс мезгілінің суығы мен күннің ерте батуы қауіп-қатерді одан сайын арттырып отыр.

    Ауыл халқы бірнеше рет мәселені көтергенімен, Қызылжар ауылдық әкімдігі нақты шешім ұсынбай, тек «күте тұрыңыздар» деген жауаппен шектелуде. Тұрғындар қоғамдық көлік қайта іске қосылмаса, жағдайдың одан әрі күрделене түсуі мүмкін екенін айтып, алаңдаушылық білдіруде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →