Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 28 қыркүйек 2026 $ 442,8↑€ 504,4↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды • Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс жүлде алды • Тоқаев Қорғаныс министріне үш кезек күттірмейтін міндет жүктеді • Айбек Оралбай Азия ойындарында қырғызстандық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді • Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 20 жылдық еңбегі туралы жазба жариялады • Тоқаев Қорғаныс министрлігі басшылығымен кеңес өткізіп, әскерді реформалауды талап етті • Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды • Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат олимпиадасында күміс жүлде алды • Тоқаев Қорғаныс министріне үш кезек күттірмейтін міндет жүктеді •

    Оқушыларға қауіп төндіретін жол: Семей әкімдігі қашан әрекет етеді?

    Оқушыларға қауіп төндіретін жол: Семей әкімдігі қашан әрекет етеді?

    Фото: видеодан скрин

    Семей қаласының қақ ортасында, №6 мектептің дәл жанында жолдың опырылып, қауіпті жағдайға айналғаны тұрғындарды алаңдатып отыр. Аталған аумақпен күн сайын мектеп оқушылары, ата-аналар және жаяу жүргіншілер өтеді. Алайда бетон плиталар қирап, жердің шөгуі салдарынан терең шұңқыр пайда болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жолдың бұл бөлігі кәріз құдығы мен орталық жылу желісінің маңында орналасқан. Сол себепті кез келген сәтте адам құлап кетуі мүмкін. Әсіресе, балалар үшін бұл аймақтың қаупі жоғары.

    Соған қарамастан, жолдың қауіпті күйі анық көрініп тұрса да, бүгінге дейін ескерту белгісі қойылмаған, қоршау да орнатылмаған. Қалалық әкімдіктің бұл мәселеге назар аудармауы жұрттың наразылығын күшейтіп отыр.

    Тұрғындар жауапты мекемелерден аталған аумақты шұғыл түрде қоршап, жолды қалпына келтіруді талап етуде. Себебі әрбір кешіккен күн — балалар мен қала тұрғындарының өміріне төнген қауіп.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →