Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Мәскеуде ҰҚШҰ отырысында сөз сөйледі • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Тоқаев Мәскеуде ҰҚШҰ отырысында сөз сөйледі • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі •

    Батыс Қазақстанда қой қырылып жатыр

    Батыс Қазақстанда қой қырылып жатыр

    Фото: видеодан скрин

    Батыс Қазақстан облысында соққан қатты боран салдарынан ауыл тұрғындары ауыр шығынға ұшырады. Әлеуметтік желіде тараған видеода Қазталов ауданына қарасты ауылдардың бірінде қойлардың қалың қардың астында қалып қойғаны анық көрінеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Кадрларда жергілікті тұрғындар мен құтқарушылар қора-қопсыларды аршып, қарға көміліп қалған малды құтқаруға тырысқаны байқалады. Алайда табиғи апаттың салдарынан кейбір қойлар тірілей қар астында қалып, үсіп өлген.

    Бейнежазба Instagram желісіндегі hello_astana2 парақшасында жарияланып, желі қолданушылары арасында қызу талқылауға түсті. Оқиғаның нақты шығыны мен жауапты тараптарға қатысты ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →