Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 15 қараша 2026 $ 444,6↓€ 490,1↓₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Панда» Серик Мусадилов АҚШ-тағы өмірі мен рингке оралу жоспарын айтты • Қазақстандық шахматшылар 13 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын мен қола алды • Петухов «Барыс» — «Металлург» матчына болжам жасады • Самоделкина АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада 11-орынға тұрақтады • Теңге дүниеге келген күн: Ұлттық валютаның тарихы мен қорғаныс жүйесі • Тоқаев Махмұд Аббасты Палестинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады • «Панда» Серик Мусадилов АҚШ-тағы өмірі мен рингке оралу жоспарын айтты • Қазақстандық шахматшылар 13 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын мен қола алды • Петухов «Барыс» — «Металлург» матчына болжам жасады • Самоделкина АҚШ-тағы Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада 11-орынға тұрақтады • Теңге дүниеге келген күн: Ұлттық валютаның тарихы мен қорғаныс жүйесі • Тоқаев Махмұд Аббасты Палестинаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады •

    Мемлекет басшысы Палестина Президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті

    Мемлекет басшысы Палестина Президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті

    Фото: Ақорда

    Президенттер әңгімелесу барысында Қазақстан және Палестина арасындағы достық, өзара құрмет пен қолдауға негізделген қарым-қатынасты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Мемлекеттер басшылары саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты кеңейту перспективасын талқылады.

    Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуалды реттеу жөнінде пікір алмасты.

    Қазақстан Президенті «Қос халық үшін екі мемлекет» формуласына сүйене отырып, аймақта тезірек бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға бағытталған жаһандық әрекеттерді қуаттайтынын жеткізді.

    Палестина басшысы Махмұд Аббас елі мен халқына ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанның әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту ісінде айрықша рөл атқаратынына назар аударды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →