Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 14 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? • Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады • «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр • Шерзод Давлатов дзюдодан әлемдік рейтингте үздік ондыққа енді • Үндістанда су астынан көне Пумпухар қаласының жәдігерлері табылды • Астанада inDrive жүргізушісі жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды • Ақылды гаджеттер сотта куәгер бола ала ма? • Мәслихат сайлауы қарсаңында 86 мыңнан астам сайлау комиссиясы мүшесі оқытылады • «Ақтауда 50 жыл жүрген тротуарды алып тастаған»: тұрғындар балаларымен көлік жолына шығуға мәжбүр •

    «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы cотталды

    «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы cотталды

    Фото: Orda.kz

    Алмалы аудандық сотында «қазақтың Робин Гуды» аталған Ілияс Сәриев пен Ақтоты Дүйсееваға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Төрағалық етуші судья Ернар Қасымбеков «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы Ілияс Сәриевті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағы («Бірнеше рет жасалған алаяқтық») бойынша кінәлі деп танып, оған 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Алайда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау заңы қолданылып, жазасының 5/1 бөлігі кешірілді. Түпкілікті жаза – 3 жыл 8 ай.

    Сот «MM Travel» туристік компаниясының басшысы Ақтоты Дүйсееваны да осы бап бойынша кінәлі деп таныды. Оған 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Сотталушыға Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау заңы қолданылып, жазасының 3/1 бөлігі кешірілді. Түпкілікті жаза – 3 жыл.

    Судья ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабының 1-бөлігі бойынша Ақтоты Дүйсееваның баласы 14 жасқа толғанға дейін, яғни 2028 жылға дейін жазасы кейінге шегеру туралы шешім шығарды.

    Сондай-ақ, жәбірленушілердің материалдық шығынды өтеу туралы талаптары қанағаттандырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →