Ангелина Лукас WBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды

Фото: angelina_lukas1997/ Instagram

IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас 3 желтоқсанда Дубайда кезекті жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл жолы ол Танзания спортшысы Эгине Каянгенгемен рингке шықты. Боксшылардың кездесуі 10 раундқа жоспарланғанымен, айқас мерзімінен бұрын аяқталды.

Лукас жекпе-жектің төртінші раундында қарсыласын ауыр соққымен құлатып, нокаутпен жеңіске жетті. Төреші айқасты тоқтатып, жеңісті ресми түрде тіркеді. Осы нәтижеден кейін 28 жастағы Ангелина Лукас (52,2 кг дейінгі салмақта) екінші жеңіл салмақтағы WBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

Айта кетсек, бұған дейін Лукас Мысырда өткен кездесуде америкалық Кэтрин Ренеге төрешілер шешімімен есе жіберген еді. Алайда кейін Рененің допинг сынамасы оң нәтиже беріп, сол жекпе-жектегі Лукасқа жазылған жеңіліс күшін жойды. Қазір Ангелина Лукас кәсіби мансабында 16 жекпе-жек өткізіп, 9 қарсыласын нокаутпен жеңіп, тек бір рет жеңілген.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика