Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 445,6↓€ 507,0↓₽ 5,25↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Өскеменде «Еңбек – ел мұраты» байқауының жеңімпаздары марапатталды • Halyk қоры қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 25 млн теңге бөліп, банк қарыздарын кешірді • Каспийдегі әскерилердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды • Путин Тоқаевқа Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты • Астрологиялық рейтинг: қай жұлдыз белгісі өзі туралы көп айтады • Өскеменде «Еңбек – ел мұраты» байқауының жеңімпаздары марапатталды • Halyk қоры қаза тапқан әскерилердің отбасыларына 25 млн теңге бөліп, банк қарыздарын кешірді • Каспийдегі әскерилердің қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды • Путин Тоқаевқа Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты • Маңғыстау облысында 12 әскери қызметші қаза тапты • Астрологиялық рейтинг: қай жұлдыз белгісі өзі туралы көп айтады •

    Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың үйінде қаралы хабар

    Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың үйінде қаралы хабар

    Халық әртісі, қазақ эстрадасының аңызы Нұрғали Нүсіпжановтың шаңырағына қайғылы хабар келді. Өнер иесінің отбасы жақын адамын ақтық сапарға шығарып салды.

    Белгілі әншінің қайын енесі (жұбайы Жадыраның анасы) дүниеден озды. Бұл қаралы хабарды Нұрғали Нүсіпжанов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзі хабарлап, марқұмға арнап жүрек тебірентерлік жазба қалдырды.

    «Қош болыңыз, періште ана… Аяулы ана, сіз тіршілігіңізде Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат айттыңыз», – деп бастады сөзін әнші.

    «Елдің амандығын тілеген ғибадат иесі»

     

    Нүсіпжанов марқұмның өте тақуа, иманды жан болғанын ерекше тебіреніспен еске алды. Оның айтуынша, анасы әр намазында елі мен жерінің тыныштығын тілеп отыратын қасиетті жан болған.

    Өнер иесі өз жазбасында анасының мейірімі мен ықыласы шаңырақтың шуағы болғанын атап өтті. «Қара шаңырағыңыз сізбен биік, тек өзіңізбен қастерлі екен ғой», – деп жазды ол, орны толмас қазаның ауырлығын сездіріп.

    «Жадыраның көз жасы жүрегімді ауыртады»

     

    Әнші әсіресе жары Жадыраның анасынан айырылып, қайғыдан қабырғасы сөгіліп отырғанын жасырмады. Үйдегі атмосфера мен жақындарының көңіл-күйін суреттеген сәттері оқырманды бей-жай қалдырмайды.

    «Жадыраңызға қарасам жүрегім ауырады, жанарыма жас үйіріледі. Сіздің жайнамазыңыз бен тәспіңізді бір сипап қоямыз, бір жапырағыңыз (қызы) кеше жаулығыңызды құшақтап ұйықтады», – деген жолдар әншінің отбасындағы ауыр қайғыны айқын көрсетеді.

    Халық әртісі сөзін «Орныңыз ойсырап қалды-ау, айналып қана кетейін, абзал ана…» деп аяқтады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →