Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 24 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    25 тамыздағы ауа райы болжамы: Қазақстанның 20 қаласында ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады «Кешке көшеге шығуға қорқамыз»: Ақтөбе облысында ауылды жабайы аңдар торуылдап жүр 25 тамыздағы ауа райы болжамы: Қазақстанның 20 қаласында ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты «Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова жылап жүрген видеосы тарады «Кешке көшеге шығуға қорқамыз»: Ақтөбе облысында ауылды жабайы аңдар торуылдап жүр

    «Алматы жастары»: 2 мыңнан астам қатысушыға тұрғын үй алу үшін несие берілді

    «Алматы жастары»: 2 мыңнан астам қатысушыға тұрғын үй алу үшін несие берілді

    Фото: Алматы әкімдігі

    Биыл «Алматы жастары» бағдарламасы аясында www.almaty-zhastary2025.kz сайты арқылы қатысушылардан 6 626 өтінім қабылданды. Қазіргі уақытта 3 040 жолдама беріліп, олардың ішінде 2 168 алматылық жеңілдетілген несие алып, баспана сатып алды, деп хабарлайды Qazaq.today порталы.

    Жұмысшы жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы жалғасып жатыр. Бұл туралы Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы өкілдері айтты.

    Биыл жеңілдік санатындағы 48 кезекте тұрған азаматқа бастапқы жарнаның бір бөлігін өтеуге арналған тұрғын үй сертификаттары тегін негізде берілді. Жалпы сома – 72 млн теңге.

    Алматыда сондай-ақ, жалдамалы тұрғын үйді субсидиялау бағдарламасы жұмыс істейді. Бұл бағдарлама аясында ерекше қажеттілігі бар адамдар, көпбалалы отбасылар және жетім балалар санатындағы кезектегілерге жалдау ақысының 50%-ы көлемінде субсидия беріледі. Бағдарламаның операторы – «Отбасы банк» АҚ, өтінім онлайн қабылданады. Субсидия алатын 639 жалға алушының пәтері тексерілді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →