Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысында мұғалім оқушыны ұрып-соқты деген күдікпен ұсталды • Дәрігер мәртебесі: депутат Медеуова бастамасына сарапшылар пікірі • Каспийдегі оқу-жаттығудан аман қалған сарбаз Бекет Мырзағалиев әскери борышын аяқтады • Астанада AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні басталды • Талдықорғанда ер адам әйелін ұрып, көршілеріне суық қарумен тап берген • Азия ойындары: ат спортынан финалда Соколенко мен Тұрысбекова сынға түседі • Жамбыл облысында мұғалім оқушыны ұрып-соқты деген күдікпен ұсталды • Дәрігер мәртебесі: депутат Медеуова бастамасына сарапшылар пікірі • Каспийдегі оқу-жаттығудан аман қалған сарбаз Бекет Мырзағалиев әскери борышын аяқтады • Астанада AI & Digital Bridge 2026 форумының екінші күні басталды • Талдықорғанда ер адам әйелін ұрып, көршілеріне суық қарумен тап берген • Азия ойындары: ат спортынан финалда Соколенко мен Тұрысбекова сынға түседі •

    2024 жылы Олимпиада чемпионы болған өзбек боксшысы допинг қолданғаны анықталды

    2024 жылы Олимпиада чемпионы болған өзбек боксшысы допинг қолданғаны анықталды

    Фото: vzglyad.uz

    Өзбекстанның танымал боксшысы, Париж Олимпиадасының чемпионы Лазизбек Муллажонов үш жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы Халықаралық допинг-тестілеу агенттігі (ITA) ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Агенттіктің мәліметінше, 2025 жылдың 11 маусымында жарыстан тыс кезеңде алынған сынамадан тыйым салынған метастерон препараты анықталған. Спортшы допинг қолданғанын мойындағандықтан, оған берілетін жаза төрт жылдан үш жылға қысқартылды.

    «Ресми шешімге сәйкес, Муллажонов 2028 жылдың 21 шілдесіне дейін әуесқой бокста өтетін ресми жарыстарға қатыса алмайды. Сонымен қатар оның 2025 жылдың 11 маусымы мен 22 шілдесі аралығында көрсеткен барлық нәтижесінің күші жойылды», — деп жазды портал.

    26 жастағы Лазизбек Муллажонов — 2024 жылғы Олимпиада чемпионы (92 кг) және 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Әуесқой бокстан бөлек, ол кәсіпқой рингте де сәтті өнер көрсетіп жүрген: алты жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті.

    Айта кетейік, спортшы 14 қарашада нигериялық боксшы Моньясаху Муритадорға қарсы кезекті айқасына шығуға тиіс еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →