Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Серік Қонақбаев: қазақ боксының аңызы 68 жасқа толды •

    «Мөлдір ғана қарады»: Тұрсынбек Қабатовтың ота жасағаннан кейінгі суреті тарады

    «Мөлдір ғана қарады»: Тұрсынбек Қабатовтың ота жасағаннан кейінгі суреті тарады
    Коллаж: Sn.kz

    Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанның желіде тағы бір фотосы тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Ол күйеуінің бас сүйегін алып тастап, ота жасағанда жанынан табылған. Тіпті көзіне жас алып жылап қалған. Бұл туралы блогер Айсұлу ханым өзінің парақшасында жариялады.

     

    «Мөлдірдің бұрынғы жұбайы ауырып қалғанда, ауруханада оның жанында болдым. Жүрегі жаралы болса да, ерінің ауырғанына жаны ауырды. Амандығын тіледі. Тұрсынбек ауырып жатқанада, оған екінші әйелі емес, Мөлдір барып қарады», — деп жазды ол.

     

    Бірақ оған не себеп болғанын Мұқанова мүлдем білмейді. Сұхбат барысында: «Біреу ұрды ма?» – деп айтып қалды. Алайда, Қабатовтың өзі «құлап қалдым» деп ақталған.

     

    «Адамның басы 100 процент домалақ болса, соның 25 процентін алған ғой. Басты ашып, ота жасаған. Оның бас сүйегін қайтадан орналастыра алмайды екен. Тек бас сүйектің орнына пластик қояды. Операциядан соң үйге келді, емделіп жүрді. Ер адам басына күн туса, өзінің әйелін іздейді ғой, сондайы бар енді. “Тұрсынбек, сен неге сондайсың?” – деп күлем ғой. Енді, өнер адамдары ауырмайды деген заңдылық жоқ қой. Танымал адам болған соң ел-жұрт денсаулығына алаңдады. Мен де, ұл-қыздары да бәріміз өзімізді қоярға жер таппадық», — деді Мұқанова.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →