Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 453,4↓€ 507,8↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) • Индустриялық аймақтың артықшылығы: Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді • Көкшетауда оқыс оқиға тіркелді • Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың үйлену тойы дүркіреп өтті • «Қазақмыс» Жезқазған кеніштерінің шикізат базасын кеңейту үшін барлау жұмысын күшейтті • Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын • Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда арсыз жігіт қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО) • Индустриялық аймақтың артықшылығы: Алматыдағы жылыжай жылына 6 мың тонна көкөніс өсіреді • Көкшетауда оқыс оқиға тіркелді • Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың үйлену тойы дүркіреп өтті •

    Ашынған киногерлер шағымы: министр Оралов не дейді

    Естеріңізде болса, Алматыдан Астанаға арнайы келген киногерлер наурызда Ұлттық киноны қолдау орталығы өткізген киножобаларды іріктеу конкурсына наразылық танытып, министрліктің алдына жиналған еді. Айтуларынша, орталыққа 290 киножоба жолданған. Соның ішінде 130 киножоба іріктеуден өтіп, 150-ден астамы қайтарылған.

    Киногерлер сол іріктеу конкурсы әділетсіз, заң бұзушылықтармен өтті деп есептейді. Наразы болып Алматыда 12 мамырда митингке де шыққан. Алайда «іріктеу тексерілсін, жаңадан тәуелсіз комиссия құрылып, өткен жобалар тексерілсін» деген оларға полиция заңсыз жиын өткізді деп айыппұл салған.

    Министр Ораловтың сөзінше, киногерлердің мәселесін шешу үшін тәуелсіз комиссия құрылған.

     

    “Олармен комитет төрағасы, вице-министр кездесті. Құрамына Мәдениет комитетінің өкілдері, Мәжіліс депутаттары, “Атамекен” палатасы өкілдері енген тәуелсіз комиссия жұмысын бастап кетті. Сол жұмыс қорытындысы бойынша ақпарат беретін боламыз”, – деді ведомство басшысы.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →