Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Дунай деңгейінің төмендеуі 1944 жылы батқан нацистік кемелерді ашты Қазақстанда 9 тамызда екі орман өрті тіркелді Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды

    Луврдың директоры қатесін мойындап, отставкаға кетуге өтініш берді

    Луврдың директоры қатесін мойындап, отставкаға кетуге өтініш берді

    Фото: lejournaldugrandparis.fr

    Лувр мұражайының директоры Лоранс де Кар сәрсенбі күні мұражайдың бақылау жүйесіндегі кемшіліктерді мойындап, қауіпсіздіктің жаңа шараларын жариялады, деп хабарлайды Синьхуа. 

    Француз сенаты алдында сөз сөйлеген Лоранс де Кар мұражайдағы бейнебақылау камералары жеткіліксіз екенін және жексенбі күнгі ұрланған зергерлік бұйымдар мұражай қызметінің «әлсіз жақтарын» әшкерелегенін айтты.

    — Біз Лувр қызметіндегі ең қиын сәтсіздігіне тап болып жатырмыз, мен бұл қателіктегі өз үлесімді мойындаймын, — деді ол отставкаға кету туралы өтініш бергенін, бірақ Мәдениет министрі оны қабылдамағанын айтып.

    Директор қауіпсіздікті күшейту шараларын жариялады, оның ішінде көлікке қарсы тосқауылдармен периметрлік қорғанысты күшейту, бүкіл мұражай кешеніндегі бақылау жүйесін кеңейту және жаңғырту бар. Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінен мұражай ішінде полиция бөлімшесін құруды сұрады.

    Ол мұражайдың құны 80 миллион еуро тұратын қауіпсіздік жоспарын қорғап, оны жүзеге асырудағы «тұрақты кідірістер» туралы жақында жасалған баяндаманы жоққа шығарды.

    Франция президенті Эмманюэль Макрон сәрсенбі күнгі үкімет отырысында Луврдағы қауіпсіздікті жеделдетуге шақырды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →