Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Австралиялық Hoofbeats журналы Тоқаевтың Ақжан биесі туралы мақала жариялады • Меруерт Өтекешова мен Мүнира Ижанова алғаш рет бірге сұхбат берді • Қазақстандық өрт сөндірушілер Бакуде әлем рекордын орнатып, алтын алды • Қуандық Қыстақбаев әкесінің 78 жасында дүниеге келгенін айтты • Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен амандаспайтынын айтты • Тоқаев Qarmet ұжымына кредиттік ресурстардың құнын төмендетуді тапсырды • Австралиялық Hoofbeats журналы Тоқаевтың Ақжан биесі туралы мақала жариялады • Меруерт Өтекешова мен Мүнира Ижанова алғаш рет бірге сұхбат берді • Қазақстандық өрт сөндірушілер Бакуде әлем рекордын орнатып, алтын алды • Қуандық Қыстақбаев әкесінің 78 жасында дүниеге келгенін айтты • Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен амандаспайтынын айтты • Тоқаев Qarmet ұжымына кредиттік ресурстардың құнын төмендетуді тапсырды •

    Қарағандыда кәріз суы өзенге құйылып жатыр: тұрғындар бірнеше жыл бойы иіске тұншығып отыр

    Қарағандыда кәріз суы өзенге құйылып жатыр: тұрғындар бірнеше жыл бойы иіске тұншығып отыр

    Фото: Видеодан кадр

    Қарағанды облысының Курьянов елді мекенінің тұрғындары бірнеше жыл бойы шешілмей келе жатқан экологиялық мәселеге шағымданып отыр. Олардың айтуынша, Орал көшесіндегі кәріз жүйесінде болған ақаудан соң лас су үнемі өзенге ағып, Веснянка өзенін ластап келеді.

    Тұрғындардың сөзіне қарағанда, бұл жағдай бір-екі апта емес, бірнеше жыл бойы қайталанып келеді. Кәріз суының иісі төңірекке тарап, жаздың ыстық күндері ауа мүлде тұншығып кетеді. “Қарағанды Су” мекемесіне және экологтарға бірнеше рет шағымданғанымен, мәселе шешілмей отыр.

    «Біз қаншама рет жазбаша және ауызша түрде ескерту жасадық. Бірақ еш нәтиже жоқ. Веснянка өзенінің бойында тұратындар бірнеше жыл бойы иістен дем ала алмай отыр. Не “Қарағанды Су”, не экология департаменті, не жергілікті әкімдік қимылдамай отыр», – дейді тұрғындар.

    Қазір бұл жағдайға байланысты қоғам тарапынан да алаңдаушылық артып келеді. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода өзенге ағып жатқан лас судың көлемі анық көрінеді. Желі қолданушылары прокуратура мен экология министрлігін шұғыл әрекет етуге шақырып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →