Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 8 қараша 2026 $ 447,5↓€ 498,9↓₽ 5,46↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Австралиялық Hoofbeats журналы Тоқаевтың Ақжан биесі туралы мақала жариялады • Меруерт Өтекешова мен Мүнира Ижанова алғаш рет бірге сұхбат берді • Қазақстандық өрт сөндірушілер Бакуде әлем рекордын орнатып, алтын алды • Қуандық Қыстақбаев әкесінің 78 жасында дүниеге келгенін айтты • Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен амандаспайтынын айтты • Тоқаев Qarmet ұжымына кредиттік ресурстардың құнын төмендетуді тапсырды • Австралиялық Hoofbeats журналы Тоқаевтың Ақжан биесі туралы мақала жариялады • Меруерт Өтекешова мен Мүнира Ижанова алғаш рет бірге сұхбат берді • Қазақстандық өрт сөндірушілер Бакуде әлем рекордын орнатып, алтын алды • Қуандық Қыстақбаев әкесінің 78 жасында дүниеге келгенін айтты • Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен амандаспайтынын айтты • Тоқаев Qarmet ұжымына кредиттік ресурстардың құнын төмендетуді тапсырды •

    ШҚО-да жаңа жөнделген көпір опырылды: халық «ақша қайда кетті?» деп ашулы

    ШҚО-да жаңа жөнделген көпір опырылды: халық «ақша қайда кетті?» деп ашулы

    Фото: Видеодан алынған кадр 

    Шығыс Қазақстан облысында Шнайдеров көпірі құлады. Бұл көпірдің бір бөлігі 1 қыркүйекте опырылған болатын, ал облыс әкімі Нұрымбет Сақтанғанов енді оны қалпына келтірудің орнына жаңа көпір Малая айналма жолының бойында салынатынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Бірақ әлеуметтік желіде халықтың ашуы басылар емес. Көпшіліктің айтуынша, көпірге жақында ғана қомақты қаржы бөлініп, жөндеу жүргізілген. Енді болса ол қайта қирап, миллиардтаған теңге желге ұшқандай.

    Пікірлерде тұрғындар ашық наразылық білдіруде:

    «Жөндеу әрдайым арзан. Бірақ жақында ғана жөнделген көпір қайта құласа, кім кінәлі? Мердігер ме, жобалаушы ма, техникалық қадағалаушы ма – біреу міндетті түрде жауап беруі керек!» – деп жазған қолданушылардың бірі.

    Тағы бірі:

    «Мемлекетке сенім жоқ! Енді 10 жыл бойы көпірсіз жүреміз», – деп күйінген.

    Қазір Шнайдеров көпірі арқылы қозғалыс толық тоқтаған. Халық енді жауапты органдардан нақты есеп пен кінәлілердің жазасын талап етуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →