Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    «Проблема жоқ болса, не үшін жиналып отырмыз»: Депутат мәселе көтерді

    «Проблема жоқ болса, не үшін жиналып отырмыз»: Депутат мәселе көтерді

    Фото: Мәжіліс

    Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев комитет отырысында уәкілетті органдар өкілдерінің жасаған баяндамасына көңілі толмады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Мәжілісте астықты тасымалдаудың өзекті мәселелері туралы комитеттің тақырыптық отырысы өтті.

     

    «Қаражат жөнінде айттыңыздар. Үшеуіңіздің баяндамаңызды тыңдадым. Барлықтарыңызда бәрі жақсы, ешқандай кедергі жоқ. Сіздер Парламентке келгенде дұрыстап анализ жасап, бүгінгі таңда қандай проблема бар, Мәжіліс мінберінде қай мәселеге көңіл бөлу керек – осыны айтпайсыздар ма?! Осы жерге шақырып алып, сөгіс беріп не болмаса қызметтен босатайын деген ешкім жоқ қой. Егін егу, оны жинау деген ойыншық нәрсе емес. Сондықтан сіздер күнделікті цифрмен есеп беруге келгендей пейіл көрсетесіздер. Мен қанағат тапқан жоқпын. Өте дұрыс емес. Бұл өз жұмысына немқұрайлы қарау. Ешқандай проблема жоқ болса, біз не үшін жиналып отырмыз? Ондай болмайды. Болашақта бұл мәселені ойлаңыздар», – деп сұрады депутат.

     

    Жигули Дайрабаевтың сөзінше, темір жолда тарифтің қымбаттап болуы деген мәселеге ден қойған жөн.

     

    «Астық өткізу, жинау деген оңай емес. Айналып келгенде барлығы фермерлердің мойнында», – деді мәжілісмен.

     

    Айта кету керек, бұған дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі отандық астыққа деген тұрақты сұраныс сақталып отырғанын айтқан болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →