Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап кетті (ВИДЕО) Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент Тоқаев: Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді Оралда жол апатына түскен жүргізуші көлікте қысылып қалды «Баяғы жартас – сол жартас болып қалмауы керек»: президент қағазбастылықтан арылуға шақырды «Түрлі көзқарас — біртұтас ұлт»: Тоқаев Халық Кеңесінің басты мақсатын атады Астанада әйелді бұрынғы күйеуі пышақтап кетті (ВИДЕО) Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент Тоқаев: Қазақстан әлемнің бәсекеге қабілетті 40 елінің қатарына енді Оралда жол апатына түскен жүргізуші көлікте қысылып қалды «Баяғы жартас – сол жартас болып қалмауы керек»: президент қағазбастылықтан арылуға шақырды «Түрлі көзқарас — біртұтас ұлт»: Тоқаев Халық Кеңесінің басты мақсатын атады

    Ақтөбеде гараж маңында балалар мен қаңғыбас иттер бірге жүр

    Ақтөбеде гараж маңында балалар мен қаңғыбас иттер бірге жүр

    Фото: видеодан скрин

    Ақтөбенің «Шанхай» ауданындағы гараж секторында түсірілген бейнежазба тұрғындардың үрейін туғызды. Кадрларда қаңғыбас иттер ерсілі-қарсылы шауып жүргені, ал дәл сол маңда балалардың ойнап жүргені байқалады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Желіде тараған видеоны жариялаған тұрғын жағдайдың қауіпті екенін айтып, билік пен коммуналдық қызметтерден шұғыл шара қолдануды сұраған.

    «Бұл аумақ гараждар мен қоқыс контейнерлерінің маңында орналасқан. Иттер қараусыз жүр, ал ол жерде балалар ойнап жүр. Бұл — өте қауіпті», – деп жазды автор.

    Алайда жазба астындағы пікірлер екіге бөлінді. Бір тарап — балалардың қауіпсіздігі үшін алаңдаса, екіншісі — иттерді қорғауды талап етті. Кейбір қолданушылар «балалар неге гараж аралап, қоқыс маңында ойнайды, ойын алаңдары неге жоқ?» деп әкімдікті сынға алды.

    Тағы бірі: «Біз бала кезде де гараж аралап жүретінбіз, бірақ иттерге тас лақтырған емеспіз. Қазір бәрін өлтірумен шешкісі келеді», – деп пікір қалдырды. Кей азаматтар керісінше, «иттер адамдарға қауіп төндіреді, оларды уақытылы ұстап, арнайы орынға апару керек» деп есептейді.

    Қазір тұрғындар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаңғыбас иттерге қатысты нақты шаралар қабылдауды сұрап отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →